Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін (бұдан әрі-Ішкі талдау) басқарма басшысы Мулдашев Арман Бақытжанұлы «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2023 жылғы 24 мамырындағы № 17-Б бұйрық шығарылды.
Ішкі талдау өткізуге жауаптылар болып анықталды:
Жұмыс тобының төрағасы
|
|
Балғабаев Ғабит Ибрагимұлы |
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің басшысы
|
Жұмыс тобының мүшелері
|
|
Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлы |
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының кәсіпшілік балық аулау және аңшылық алқаптар бөлімі басшысының міндетін атқарушы |
Бақтыгереева Жанна Сағатқызы |
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің бас маманы
|
Жұмыс тобының хатшысы
|
|
Атағалиев Олжас Бектұрғанұлы |
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің статисі |
Есепті кезең
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі - 2022 жыл.
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу мерзімі: 01.06.2023 -31.06.2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Сипаттама бөлігі:
Персоналды басқару.
Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қаматамасыз ету мақсатында әңгімелесулер байқаушылардың қатысуымен өткізілді. Мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша 7 мемлекеттік қызметші қабылданды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру фактілері анықталған жоқ. Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.
Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың, тәртіптік жаза қолданудың және алып тастаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Лауазымға тағайындау тәртібі мәселелері бойынша басқарма бос орындағы лауазымға мемлекеттік қызметкерлерді облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылған конкурстық хаттама нәтижесінде іріктеуден өткен үміткерлерді «Е- қызмет» порталы арқылы жұмысқа қабылдайды және тағайындайды.
Басқармада конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау, конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелері орын алмаған.
Кандитаттарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысы орын алмаған.
«Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге жалақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекәту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы № 21 желтоқсандағы №302 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы №646қюп Қаулысының 43 қосымшасын басшылыққа ала отырып төленеді.
Яғни, жыл сайын Маңғыстау облысының балық басқарманың қызметкерлеріне еңбекақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиясы отырысы өткізіліп, еңбек өтіліне қарай ақы төлеу категориясы анықталады.
Басқармамен 2022 жылы алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу орын алмаған. 2022 жылы мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар жоқ.
Басқармада жұмыс нәтижелеріне қарамастан, қызметкерлерді талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша көтермелеу орын алмаған. Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау орын алмаған. Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеу орын алмаған.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болмауына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үйлестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), бірлескен жұмысқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Басқарма қызметкерлерінің арасында жақын туыстары, жұбайлары мен жекежаттары, бір бөлімде туыстық бауырлардың жұмыс жасауы орын алмаған.
«Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» ММ қызметкері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңсыз сыйақы және коммерциялық пара беру жөніндегі нұсқаулық, «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» ММ қызметкерлері мен басшылығының мүдделер қақтығысының реттеу жөніндегі саясат әзірленді.
Басқармада алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Басқармаға бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 6 түрін ұсыну көзделген, олардың барлығы электронды нысанда көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады:
Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері:
1. «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау» қызметі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Аталған қызмет 2022 жылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
2022 жылға жергілікті бюджеттен 10 500,0 мың теңге қаражат бөлініп, бекіре балығын өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарының 30%, балық өсіру материалын сатып алу шығыстарының 50%, балық өсіру-биологиялық негіздемесін жасату шығыстарының 50%, дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50%, балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50% өтеу үшін қызмет алушылардан 4 өтінім түсіп мақұлданды.
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы негізсіз бас тартуларға, өтінім қабылдау кезінде мерзім бұзушылықтарға жол бермеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік көрсеткіштердің дәйектілігі, нормативтік құқықтық актілер талаптарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуы мен сақталуы, ақпараттық жүйелердің жұмысы, басқарманың интернет-ресурсының біріңғай платформасының толтыруы қаралды.
2. «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» қызметі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Аталған қызмет бойынша 6 жоба паспорты бойынша 25% өтеу қарастырылған. 2022 жылы қызмет алушылардан өтінім түспеуіне және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
3. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Аталған қызмет 4 кіші қызмет түріне бөлінген. Олар:
· Аң аулау;
· Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау;
· Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану;
· Жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
2022 жылдың 12 айында электронды нысанда қызмет алушыларға 613 қызмет көрсетілді. Негізсіз бас тартуларға, өтінім қабылдау кезінде мерзім бұзушылықтарға жол берілмеді.
Ішкі талдау жүргізуде мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі тәуекелдері анықталды:
1. «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» Қағидасының 1-тарауының 3, 4-тармақтарында: Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын тиісті жылғы 1 ақпанына дейін субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органдардың (оның ішінде аудандық/қалалық) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшілерінің, жануарлар дүниесін молайту және пайдалану, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану қызметкерлері және қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан мамандар тобын (бұдан әрі - мамандар тобы) құрады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркейді. Мамандар тобының жалпы саны тақ және кемінде бес адамды құрайды» және «Барлық паспорт жобалары бойынша мамандар тобы құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының)объектісін, сатып алынған жабдықты растайтын фото және бейнематериалдарды міндетті түрде қоса бере отырып, жобалардың паспорттарында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне қол жеткізуді тексереді» - делінген.
Ұсыныс: Мекеменің салынған объектісін қарап тексеру жобалық сметалық құжаттан басталады. Объектілерді тексеріске барып акт жасақтағанда «қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан» делінген сөздің орнына жобалық сметалық құжатты тексеру мақсатында комиссия құрамына сәулет құрылыс маманы және техниканы, құрал жабдықтарды тексеретін арный техникалық білімі бар мамандарды қосуға мемлекеттік көрсетілетін нормативтік құқықтық актілеріне талдау жұмыстарын жүргізіп, сәйкессіздіктер бойынша ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдарға жолдансын;
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау.
Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде болуына байланысты «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» қызмет алушыларға ашу қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі басқарманың ресми сайтына және әлеуметтік желілерінде инфографика түрінде, тікелей эфирде, ашық есік күндерін өткізу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Е-лицензиялау» және «Qoldau.kz» ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасады. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі орын алмаған. Басқармада «жасырын» мемлекеттіе көрсетілетін қызметтер жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы Басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» қызметі бар. 2022 жылы негізсіз бас тартуларға, өтінім қабылдау кезінде мерзім бұзушылықтарға жол берілмеді.
Бақылау–тексеру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының балық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бюджеттік қаржы қаражатының игеру және бөлу:
«Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында басқарма «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Меслекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының нормаларын басшылыққа алады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақсан Республикасы Заңының 5- бабы 2-тармағының негізінде 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп, бекітілді және мемелкеттік сатып алу веб порталында орналастырылды. (жалпы саны 39 тармақтан құралған, жалпы сатып алу көлемі- 4312 187,80 тг.). Басқарма бюджет бекітілген уақыттан бастап 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы 6 тармақшасы 6 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы енгізілген.
2022 жылы жалпы саны 4 312 187,80 теңгеге іс жүзінде мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен: 13 лот бойынша (кеңсе тауарларын сатып алу, полиграфиялық қызметтерді сатып алу және т.б.) сатып алу көлемі 3 574 730,80 теңгені (ҚҚС -пен) құрады (13 шарт жасалды).
Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен (ашық конкурс және баға ұсыныстарын сұрату) 3 лот бойынша (кеңсе тауарлары және т.б.) сатып алу көлемі 145148 теңгені (ҚҚС- пен) құрады. (8 шарт жасалды)
Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен: 6 лот бойынша келісімшарттар жасады (оған, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, Статистика қызметтері, басқару сайтына қызмет көрсету және т.б.) сатып алу көлемі 592 309 теңгені (ҚҚС пен) құрады. (6 шарт жасалды).
«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ-не тоқсан сайын облыс жеткізушілері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайын есеп беріледі.
Басқармадағы қаражат жергілікті бюджеттен беріледі. Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік уақытылы пысықталып тапсырылып отырады. Игеру 100 % құрайды.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Басқарма тікелей IT-саласына қатысты мекемелермен келісімшартқа отырмаған. Басқарманың министрлікпен бекітілген ресми сайтына басқармаға қатысты барлық бюджеттік ақпараттар уақытылы орналастырылып отырады. Бұл басқарманың бюджеттік ашықытығын білдіреді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары 2023 жылға қарасытырылған. Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылқтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған. Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған.
Жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аталған тәуекелдерді жою мақсатында ҰСЫНЫЛАДЫ:
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасына:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін қатаң сақтап және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін «сенім телефоны» жұмысын қамтамасыз ету;
Басқарманың акваөсіру және субсидиялау бөлімінің басшысына:
Облыс әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің заңнама нормаларына сәйкестігін және уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатты әзірлеу және бекіту;
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қолданыстағы талаптары туралы білімін тексеру жөніндегі іс-шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау рәсімдеріне және олардың мерзімдеріне тұрақты бақылау және мониторинг жүргізу;
Баяндалғанның негізінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оның алдын алу мақсатында:
- осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (одан әрі - Жоспар) әзірленсін және бекітілсін;
- Жоспардың орындалысы туралы ақпарат ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін Жұмыс тобына ұсынылсын.
балық аулайтын және оны қайта өңдейтін ұйымдарға өндірістік базаны дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету;
Жұмыс тобының басшысы: Ғ. Балғабаев
Жұмыс тобының мүшелері: А. Қарақойшиев
Ж. Бақтыгереева
Жұмыс тобының хатшысы: О. Атагалиев