Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы 2023 жылғы 26 қаңтарында (Ақтау қаласының уақытымен) сағат 09.00-де резервтегі «Ердалы» аңшылық алқабын бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
Конкурсқа резервтегі «Ердалы» аңшылық алқабы қойылады, конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы 3 376,96 теңгені, ал бастапқы бағасы 22 513,05 теңгені құрайды.
Конкурсқа шығарылатын аңшылық алқабы аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында 10 жыл мерзімге бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдын ала веб-порталда тіркелу қажет (https://e-qazyna.kz => сауда қызметтері => ресурстар):
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін қамтиды;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарнаны енгізеді.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама;
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 7 қаңтарынан бастап 26 қаңтарына дейін (Ақтау қаласы уақытымен) сағат 08:55-ге дейін жүргізіледі.
Анықтама телефондары:
8 (7292) 462668 (1032), 8 (7292) 462668 (1031), 8 (701) 643 24 85.