Жоғарыда аталған кәсіпшілік балық аулау және аңшылық алқаптар бөлімі және аквакультура және балық шаруашылығы мелиорациясы бөлімдері келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
4) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
5) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
6) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
7) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
8) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
9) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
10) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
11) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
12) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
13) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
14) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;
15) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;
Басқарманың орналасқан мекенжайы: Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының әкімдігі, бірінші қабат, 116 кабинет.
Телефон нөмірі 8 (7292) 42-21-11, (ішкі нөмір 1220, 1221).
Электронды пошта: urh@mangystau.gov.kz