Маңғыстау облысындағы балық шаруашылығы саласы бойынша ақпарат

Маңғыстау облысындағы балық шаруашылығы саласы бойынша ақпарат

Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы өңірде аквашаруашылық субъектілеріне мемлекеттік қолдау мақсатында субсидиялар мен төмендетілген пайызбен несиелер алу мүмкіндігі бар екендігін хабарлайды.

Өңірде аквашаруашылық саласын дамытуға бағытталған  субсидиялау шаралары төмендегідей қарастырылған:

  1. Аквашаруашылық өнімдерін субсидиялау

Аквашаруашылық объектілерінде балық өсіру кезінде пайдаланатын азықтарды сатып алуға жұмсалған шығындардың 30%-ын субсидиялау қарастырылған.

Құртшабақтарды, балық өсіру-биологиялық негіздемені, аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алу, сондай-ақ аналық балық үйірін сатып алу және оны күтіп-ұстау шығындарынның 50%-ын субсидиялау қарастырылған.

  1. Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу

 Инвестициялық шығындардың 25%-ын өтеуді қарастырады. Атап айтқанда: балық азығын өндіру цехын құру; тоған шаруашылығын құру; индустриялық балық шаруашылығын құру; тор қоршама шаруашылығын құру; көл-товар шаруашылығын құру; балық өңдеу объектісін құру; балық өсімін молайту шаруашылығын құру; аквашаруашылығы субъектілерін сумен қамтамасыз ету.

  1. Су беру қызметтерін субсидиялау

Су беру қызметтерінің тариф мөлшеріне қарай  60%-дан 85%-ға дейін субсидиялау қарастырылған.

Субсидиялау бағыттары бойынша өтініштерді мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесі – «Gosagro» (gosagro.kz) арқылы Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасына жіберуге болады.

Балық шаруашылығы саласы бойынша «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (caspiy.kz) арқылы төмендетілген пайызбен несиелеу бағыттары төмендегідей:

1.Ауылшаруашылық өнеркәсіп кешен саласында жобаларға іске асыруға 2,5%-бен 10 жылға дейін несие беріледі.

  1. «Аквашаруашылық» бағыты бойынша 6%-бен 10 жылға дейін несие беріледі.
  2. «Айналым қаражатын толықтыру» бағыты бойынша 5%-бен 36 айға дейін несие беріледі.

Каспий теңізіндегі аквашаруашылық және кәсіпшілік балық аулау  учаскелері.

Каспий теңізіндегі тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарына арналған 28 учаске бар. Оның ішінде 15 учаске субъектілерге бекітіліп, 13 учаске резервте тұр. Тізімі:https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystaufish/documents/details/993912?lang=kk

Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі кәсіпшілік балық аулауға арналған 37 учаске бар. Оның ішінде 34 учаскемен келісімшарт жасалған, 3 учаске резервте.

Тізімі:https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystaufish/documents/details/893475?lang=kk

Балық шаруашылығы саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалануға шақырамыз.