
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, резервтегі балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізетінін хабарлайды.
Резервтегі балық шаруашылығы учаскелеріне конкурс жарияланғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтынан
https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery?lang=kk арқылы қадағалауға болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама* (әуесқойлық (спорттық) балық аулауға арналған балық шаруашылығы су айдындарын қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген конкурсқа қатысушылар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме).
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме);
3) өтініш берушіде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы немесе болмауы туралы комиссияның қорытындысымен расталған, осы бұйрықпен бекітілетін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құрған көшпелі комиссияның қорытындысымен расталған меншік құқығындағы асшаяндардың кисталарын терең өңдеу жөніндегі қолданыстағы лимиттің жалпы көлемінен аспайтын технологиялары мен өндірістік қуаттарының болуы.
Ескертпе:
* қайта өңдеу деп балық шикізатын өңдеу түсініледі, ол мына процестерден не олардың бір бөлігінен тұрады: бөлшектеу (қабыршағынан аршу, бөлшектеп бөлу, сүбе етін алу, басын кесіп алу, терісін сыпыру, етін тарту, ішек-ішек-қарнынан тазарту), қақтау, суықтай және ыстықтай ыстау, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіру.