
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Галымов Магжан Ханатұлы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кызметі туралы» Заңның 15-бабы 3-2-тармағына сәйкес, Өңірлік кадр резервінен конкурссыз негізде тағайындалды.
Еңбек жолын 2015 жылы Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі бас маманы лауазымынан бастаған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінде Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.