Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары

Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік  қолдау шаралары

Балық шаруашылығын дамыту және оны мемлекеттік қолдау шаралары туралы маңызды ақпарат ұсынамыз. Балық шаруашылығы – тек қана халықты сапалы өніммен қамтамасыз етудің емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі салаларының бірі.

Тарихқа көз жүгіртсек, балық шаруашылығы ежелден адамзат өркениетінің бір бөлігі болып, уақыт өткен сайын дәстүрлі кәсіпшілік балық аулауға қоса заманауи аквашаруашылыққа дейін дамыды. Қазіргі таңда бұл сала инновациялық технологияларды қажет ететін, инвестиция мен мемлекеттік қолдауға сүйенетін маңызды бағытқа айналып отыр.

Маңғыстау облысы үшін де балық шаруашылығының орны ерекше. Өңірімізде кәсіпшілік балық аулау мен аквашаруашылықты дамытуға арналған нақты мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, балық өнімінің көлемін арттыруға қолайлы жағдай жасалуда.