Маңғыстау облысы әкімінің "Каспий итбалықтарының популациясын сақтау және мониторнинг жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2025 жылғы 30 мамырдағы №72-Ө өкімі қабылданды.

2025 жылғы 30 мамырда Маңғыстау облысы әкімінің №72-Ө өкімімен Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау және мониторинг жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы бекітіліп, жұмыс тобының іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес:

  • Каспий теңізінде итбалықтар мен басқа да су жануарларына тұрақты мониторинг жүргізу;

  • Жағалауда итбалықтар табылған жағдайда шұғыл әрекет ету;

  • Экологиялық, ветеринариялық сараптамалар жүргізу;

  • Итбалықтардың өлекселерін санитарлық талаптарға сай жоюды ұйымдастыру;

  • Жағалаудағы тұрғындар мен мекемелер арасында түсіндіру-насихат жұмыстарын күшейту көзделген.

Сондай-ақ, итбалықтар табылған немесе өлекселері анықталған жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы алгоритм бекітілді. 

Толық іс-шаралар жоспары мен алгоритмді https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-fish/documents/details/901343?lang=kk осы сілтемеден көруге болады.