«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы тағайындалды

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы тағайындалды

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы тағайындалды

23 қаңтар күні «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы қызметіне Аблай Молдағұлов тағайындалды.

Аблай Молдағұлов 2009 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық университетінде «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2011 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтап, 2012 жылы Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде «Мұнай мен газды барлау және өндіру геологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.

Ал 2024 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Лисаковск қаласындағы «Бахыт-Мұнай» ЖШС филиалының директоры ретінде бастады.

2012-2020 жылдары «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де недропайдалану департаментінің менеджері, бейорганикалық және арнайы химия дирекциясының бас менеджері, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің жобалық менеджері және активтерді басқару департаментінде жобалар жетекшісі қызметтерін атқарды.

Ал 2019 жылы «Қазақстан-Өзбекстан сауда үйі «Нефтехим Трейдинг» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары «Бутадиен» ЖШС-нің Бас директоры болды.

2020-2021 жылдары «ҚазИнвест» ҰК» АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік директоры қызметін атқарса, 2021 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары «Фармакс-2» ЖШС директорының орынбасары және «IBSPharm» ЖШС директоры лауазымдарында еңбек етті.

2023-2024 жылдары «Center Project» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдан бастап «СтройАстанаСнаб» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Аблай Молдағұлов Қостанай облысы әкімінің инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларында директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қосымша жауапты міндеттер атқарды.