Хабарландыру

Хабарландыру

Маңғыстау облысының кадрлық комиссиясы Маңғыстау облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды. Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;

2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;

3) жоғары білімі болуы;

4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.  

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.  

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.  Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 14/1 Б-2 ғимарат (облыстық мәслихат ғимараты), 1-ші қабат, 105 кабинет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы. Электрондық мекен-жай: mangystau@onir.pkrezerv.gov.kz.   Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.  Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram - @mangystau.onir.rezerv.kz, @elgeqyzmet.mangystau, Facebook  - «Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті»)  және келесі телефондар арқылы: 8/7292/ 30-36-43, 30-36-44 алуға болады.