9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні

9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні
 
2003 жылы Біріккен ұлттар ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Соның негізінде, 2004 жылдан бастап жыл сайын «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні» ретінде аталып өтіледі. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. 
“9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне” орай Маңғыстау облысы қаржы басқармасының қызметкерлері арасында Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Исаның қатысуымен семинар өткізілді.