Маңғыстау облысының қаржы басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Маңғыстау облысының қаржы басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

2023 жылдың 29 мамырында Қазақстан Респбуликасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің іс-шаралар жоспарына сәйкес қаржы басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

«Ашық есік күні» акциясы аясында қатысушыларға Маңғыстау облысының қаржы басқармасының және «ӘКК Каспий» АҚ ведомствалық бағынысты ұйымының қызметі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Басқарманың құрылымдық бөлімшелері және оның қызметкерлерімен танысу жұмыстары қамтамасыз етілді.