Нұрлан Ноғаев әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды күшейтуді тапсырды

Нұрлан Ноғаев әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды күшейтуді тапсырды

1 ақпанда Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Боранқұл және Есет ауылдарына барды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен Боранқұл ауылындағы 610 бала оқитын орта мектепке барды. Мектепте 96 мұғалім жұмыс істейді. Ауылда барлығы 1 814 оқушы болса, оған 270-тен астам мұғалім білім береді.
Қазіргі таңда Боранқұл ауылында 7800-ге жуық халық тұрады. 240 орындық ауылдық клубы мен 17 600 кітабы бар кітапхана ауыл тұрғындары үшін қызмет етуде. Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып жатыр. Жалпы ауылда 49 шаруа қожалығы болса, оның 3-і - жылыжай кешені, ал қалғандары мал шаруашылығымен айналысады.

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандармен танысқаннан соң ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу еркін форматта өтті. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамту, жол мен ойын алаңдарын салу, ауылдық саябақ салу, көшелерді жарықтандыру, медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету, ұялы және интернет байланысының сапасыздығы, тұрмыстық, құрылыс қалдықтарын шығару және кәдеге жарату, сондай-ақ аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты сауалдарын қойды.

Облыс әкімі ауылдарды дамыту жоспарының және мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізуді тілге тиек етті. Сонымен қатар «Тыңдаушы мемлекет» қағидасына сәйкес, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беретін «Маңғыстау облысының әкімдігі» арнайы телеграмм чаты іске қосылғанын атап өтті (https://t.me /mangystauakimat). Мұнда ең шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындары өз сауалдары мен өтініштерін жолдап, арыз-шағымдарын жазып, өтініштеріне жауап ала алады.

– Облыс әкімдігінің арнайы телеграмм чаты туралы білуіңіз керек, оған әр саладағы жұмыстарға қатысты сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды, өтініштеріңізді және шағымдарыңызды жолдауға болады. Чатқа келіп түсетін сұрақтарды жеке өзім, менің орынбасарларым, барлық басқарма мен бөлімнің басшылары қадағалап, талдап отырамыз. Әрбір мемлекеттік орган өз бағытына жауапты болады. Бүгінгі таңда чатта 14 мыңға жуық адам бар. Бұл өз кезегінде осал тұсты тез анықтауға, өтініштеріңізге жауап беруге мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Ноғаев.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Боранқұл ауылындағы спорт нысанының құрылыс жұмысын сынға алды. Спорт нысанының құрылысы былтыр аяқталуы тиіс болатын. Алайда қазіргі таңда жалпы жұмыстың 30 пайызы ғана орындалған.

– Келісім бойынша алған міндеттемелерді неге орындамайсыз? Жұмыстың орындалуы, сапасы мен мерзімінің сақталуы сіздің жауапкершілігіңізде екенін ұмытпаңыз. Қандай тәуекелдер болатынын біліп, келісім-шартқа отырып, жағдайды өз қолыңызда ұстадыңыз. Ал енді құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмысты уақытылы бітіріп үлгермедім дейсіз. Күтпеген жағдайларда арнайы іс-қимыл жоспары болуы керек еді. Егер сіз әр кезеңді өз уақытында аяқтаған болсаңыз, қазір мұндай проблемалар болмас еді. Қысқа мерзімнің ішінде барлығын түзетіп, кестеге сай жұмыс істеуіңіз керек. Олай болмаса, келісімшартты бұзу және басқа мердігерді іздеу басталады. Осы ретте мемлекеттік органдар халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды күшейтуі керек. Нысан құрылысы сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.

Түстен кейін Нұрлан Ноғаевтың жұмыс сапары Есет ауылында жалғасты. Өңір басшысы орта мектептің жай-күйімен танысып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Кездесуде Есет ауылының тұрғындары жаңа мектеп салу қажеттігін алға тартты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асуда. Осы жоба аясында Есет ауылы тұрғындарының тілегі ескеріліп, ауданның даму жоспарына заманауи талаптарға сай келетін жаңа, кең мектеп салу енгізілді. Ауылда сапалы білім алуға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

Содан соң Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысымен танысты. Су тазарту қондырғысы 2017 жылы іске қосылды. Станция тәулігіне 12 мың текше метр ауыз су өңдеуге қауқарлы.

Цистерналардың сыйымдылығы - 45 мың текше метр. Кәсіпорында 162 адам жұмыс істейді.

Аймақ басшысы жарты мыңнан астам адам кәсіби білім алып жатқан Бейнеу политехникалық колледжінде де болды. Кешен 5 ғимараттан тұрады. Колледж практикалық сабақтарға арналған заманауи жабдықтармен, смарт-сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Робототехника, техникалық модельдеу, технология және бейнелеу кабинеттері