ҚР Қаржы Вице-министрі Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің ұжымына жаңа басшысын таныстырды

ҚР Қаржы Вице-министрі Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің ұжымына жаңа басшысын таныстырды

Бүгін 29 қырқүйекте ҚР Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов ұжымға Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Манзоровты таныстырды.

Манзоров Серік Бағдатұлы әр жылдары Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

Соңғы атқарған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары қызметінде 2019 жылдың мамырынан 2021 жылдың қырқүйегіне дейін болды.

Данияр Жаналинов С.Манзоровқа алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде табыс тіледі.