2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

Түсімдердің орындалысы бойынша

2020 жылға арналған облыс бюджетінің кірістері 211 млрд.теңге көлемінде бекітілді.

Есепті жыл ішінде бюджет параметрлері 5 рет нақтыланды. Нәтижесінде облыс бюджетінің нақтыланған көлемі 274 млрд.теңгені құрады немесе өсім - 63 млрд.теңге, оның ішінде:

- бюджет қаражатының бос қалдығы - 1,4 млрд.теңге;

- қарыздар түсімі - 1,3 млрд.теңге;

- нысаналы трансферттер - 35,2 млрд.теңге;

- бюджеттік несиелер - 33 млрд.теңге.

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің түсімі 145 млрд.теңгеге немесе 95,1%-ке орындалды.

Облыстық бюджеттің меншікті кірістер жоспары 62 млрд.теңгеге немесе 89,7%-ке орындалды. Орындалмаған көлем - 7 млрд.теңге.

Негізгі себеп - өңірдегі кейбір мұнай саласына қызмет көрсететін мекемелер қызметінің тоқтауы (ТОО «Ерсай Каспиан Контрактор») және жұмыс көлемінің төмендеуі (ТОО «Жандиг-С», ТОО «Стамгазстрой»).

2020 жылы салық төлеушілерден алдағы жылдардың түсіміне кері әсер ететін аванстық төлемдер алынбағанын атап өткен жөн.

 

Шығыстардың орындалысы бойынша

2020 жыл қорытындысымен облыс бюджетінің шығыстары 265 млрд.теңгеге немесе 96,6%-ке орындалды, оның ішінде нысаналы трансферттер 99,8%-ке,  жергілікті бюджет 95,6%-ке.

 

Облыстық бюджеттің шығыстары 188 млрд.теңгеге немесе 95,7%-ке орындалды, оның ішінде нысаналы трансферттер 99,9%,  жергілікті бюджет шығыстары – 93,4%.

Игерілмеген қаражат көлемі 8,3 млрд.теңге, оның ішінде:

- 5 млрд.теңге – облигация есебінен тұрғын үй салу, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптес жобасы бойынша қабылданбаған міндеттемелер;

- 2,1 млрд.теңге – тиісті деңгейдегі бюджеттерге аударылмаған трансферттер мен субвенциялар;

- 673 млн.теңге - орындалған жұмыстар актілерін мерзімнен кешіктіріліп ұсынылуы, өзге де ағымдағы шығындар, оның ішінде 130 млн.теңге келісім шарт сомасының 5%-тін ұстап қалу сомасы;

- 406 млн.теңге – үкіметтің және жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген резервтен қалған қалдық;

 - 104 млн.теңге – еңбекке ақы төлеу қорынан құралған және мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемделген қаражат;

      

Шығыстардың 44%-ын республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері құрайды.

2020 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту барысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттен  51 млрд.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді.

Жыл ішінде республикалық бюджеттің нақтылануына байланысты қосымша 30,5 млрд.теңге бөлініп, жыл соңында трансферттер мен бюджеттік кредиттердің жылдық жоспары 81,5 млрд.теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер және кредиттердің орындалысы                         81,4 млрд.теңге немесе 99,8%-ті құрады.

Трансферттердің игерілмеген 139 млн. теңгесі толықтай үнемдеуге тиесілі (мемлекеттік сатып алу - 106,8 млн. теңге, еңбек ақы - 27,2 млн.теңге және басқа да үнемделген қаражат 5,1 млн. теңге).

 

2020 жылы облыс бюджетінде әлеуметтік шығындардың басымдылығы сақталып, 132 млрд.теңгені құрады, бұл жалпы облыс бюджетінің - 52%-і.

              

2020 жылғы білім беру саласының шығыстары 103 млрд. теңгені құрап, 99,1%-ке орындалды.

Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 460 орындық 3 орта білім беру мектебі және жеке қаржы есебінен 1 499 орындық 7 жеке меншік мектеп іске қосылды.

Сонымен қатар, 865 орындық 10 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 2020 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту пайызы 100%-ті, 1-6 жастағы балаларды – 66,7% құрады.

43 білім беру нысанына сомасы 285 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (24 бала бақша, 19 мектеп).

7 622 студентке 1,9 млрд.теңге көлемінде стипендиялар төленді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың материалдық базасын нығайтуға  1,2 млн.теңге жұмсалды (Интерактивті тақта, IT жабдықтар, бейнекамера т.б).

94 мектепте 63 млн.теңгеге бейнебақылау орнатылды және  жаңартылды.

Карантин кезінде қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында Үкімет резервінен аз қамтылған отбасы оқушыларына 3,5 млрд.теңгеге 23 мыңға жуық жабдық сатып алынды (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер).

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2020 жылғы бюджеттің орындалысы 6,8 млрд.теңгені немесе 91,4%-ті құрады.

Халықты кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 358 млн.тенге бағытталды.

Вакциналар мен иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға 1,8 млрд.теңге бөлінді.

2 денсаулық сақтау мекемесіне 295 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Облыстық психикалық денсаулық орталығы мен облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы).

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық базасын неығайтуға – 2 млрд.тенге жұмсалды (34 бірлік санитарлық көлік, 372-ден аса медициналық құралдар алынды).

Жергілікті бюджет резервінің есебінен COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларды өткізуге 526 млн.теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, «NCOC» компаниясы демеушілігімен Ақтау қаласында Онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталып, жұмыспен 58 адам қамтылды және 200 орындық «Тез тұрғызылатын модульдік аурухана» пайдалануға берілді.

      

Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 13 млрд.теңгені құрап, 99,4%-ке орындалды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,6 млрд.теңге қаражат жұмсалып 26 мың адам қамтылды.

Жергілікті өкілді органдардың шешімімен жоғары оқу орындарында білім алу үшін 536 студентке 296 млн. теңге төлем жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шеңберінде 1,4 млрд.теңгеге 439 мың бірлік арнайы құралдар сатып алынды (сурдо- тифлоқұралдар, арнайы жүру құралдары, протездік-ортопедиялық көмек).

651 отбасыға 61 млн.теңге сомасында тұрғын үй көмегі, 46 мың адамға 3,2 млрд.теңге атаулы әлеуметтік көмегі төленді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға жергілікті өкілді органдар шешімімен 202 мың алушыға 3 млрд.теңге, сондай-ақ, үйде оқып-үйренетін 730 оқушыға 68 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.

Атаулы күндерге 188 мың адамға 2,3 млрд.теңге көлемінже біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

 

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік шығындары 9,4 млрд.теңгені, ал орындалысы 99,5%-ті құрады.

Облыста 126  мәдениет және 25 спорт ұйымдары  қызмет етеді. Спорт ұйымдарына 17 мың бала және жасөспірім жаттығады. 

Облыс бойынша демеушілік қаражаты есебінен 44 алаң және 3 воркаут пайдалануға берілді.

             

Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 8,4 млрд.теңге жұмсалды, орындалысы 100%.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының базасы нығайтылып, 20 арнайы автокөлік, 95 бейне/аудио тіркеудің көпфункционалды құрылғысы, 301 радиостанция, 7 дактилоскопиялық сканер, 10 нысанға өрт дабыл жүйесі және басқа да қажеиті құралдар сатып алынды.

Құқық қорғау органдары тарапынан жергілікті бюджет кірісіне салатын әкімшілік айыппұлдарды өндіру көлемі  24%-ке артып, бюджетке 880 млн.теңге көлемінде кіріс түсті (2019 жыл - 711 млн.теңге).

              

«Жұмыспен қамтудың Жол картасын» іске асыруға 32 млрд.теңге бөлінді, игерілген қаржы 31,4 млрд.теңгені немесе 98,1%-ті құрады.

Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 8 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен  23,4 млрд.теңге.

Жол карта аясында 170 жоба іске асырылып, нәтижесінде:

- 8 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды;

- 18 км электр желісі және 70 км су құбыры жөнделді;

- 282 км электрмен, 3 км жылумен және 95 км сумен жабдықтау бойынша жаңа желілер қолданысқа берілді;

 - 1412 жаңа жер учаскесін газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 127 км газ құбыры жүргізілді;

 - жергілікті маңызыдғы 170 км жөндеуден өтіп, 140 км жол салынды;

 - 89 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөндеуден өтті.

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2,8 млрд.теңге бөлінді және 100%-ке игерілді.

385 жоба субсидияланып (2,1 млрд.теңге), 488 жобаға кепілдік (677 млн.теңге) берілді. Нәтижесінде 1 404 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұдан бөлек, 6 жобаға грант (21 млн.теңге) берілді және 24 жұмыс орны ашылды.

Өңірлік «Нұр Капитал» бағдарламасы аясында   548 млн.теңге бөлініп, 26 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері субсидияланды, нәтижесінде 128 жаңа жұмыс орындары құрылды.

      

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы даму бюджетіне 66,5 млрд. теңге жұмсалды, бұл жалпы облыс бюджетінің 24%-тін құрайды. Көрсетілген қаржыға   387 нысанның құрылысы жүргізілді, оның ішінде өтпелі нысандар –  222 (СМР – 99,ПСД – 123).

2020 жылдың қорытындысымен жылдық жоспары 23,4 млрд. теңгені құрайтын 83 нысан құрылысы аяқталып, 82 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, оның ішінде:

- 224 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, нәтижесінде  12,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (Форт-Шевченко қаласындағы 48, 16 және  8 пәтерлі үйлердің құрылысы, Ақтау қаласындағы көппәтерлі 2 үйдің құрылысы);

 -      әлеуметтік сала бойынша 12 нысанның құрылысы аяқталды, 18 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды;

 -      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 50 жоба (38 – СМР, 12 – ПСД) бойынша жұмыстар аяқталды.

 -      жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және күрделі жөндеу бойынша 41 жоба іске асырылды (16-СМР, 25-ПСД);

 -      12 сумен жабдықтау нысандарының құрылысы жүргізілді (10-СМР, 2-ПСД).

Даму бюджетін іске асыру нәтижесінде:

 - ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші халық санына шаққанда - 92%-ке, ауыл санына шаққанда - 79%-ке;

- жергілікті маңызыдағы автомобиль жолдарының қанағаттандырарлық жағдайы – 94%-ке жетті.