Қуаныш Серікұлы Берішбаев «Каспий» ӘКК» АҚ Төрағасы болып тағайындалды

Қуаныш Серікұлы Берішбаев «Каспий» ӘКК» АҚ Төрағасы болып тағайындалды

Қуаныш Серікұлы Берішбаев «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Төрағасы болып тағайындалды. Қуаныш Серікұлы 1984 жылы 7 қарашада Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2011 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінің іскерлік әкімшілік магистрі болып табылады.

Еңбек жолын 2004 жылы «СМК-4» ЖШС-де құрылыс шебері, кейін «Каспий «ӘКК «ҰК» АҚ табиғи ресурстарды дамыту департаментінің менеджері, кейінірек Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымынан бастады. Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кеңесшісі болды. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.