«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

2021 жылғы 27 қаңтарда Қаржы басқармасының басшысы Қ.С. Берішбаевтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қ.О.Бәйгебаевтің қатысуымен “Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

Қ.О. Байгебаев өзінің сөз сөйлеуінде, Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру ұшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды кұшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғаны туралы айтты. Сондай-ақ енді Заңмен сыбайлас жемқорлық қлмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар айтарлықтай күшейтілгені жқнінде баяндады.