А.ж. 4 қарашасында облыс әкімі Н. Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылғы облыс бюджетінің орындалысы мен коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар туралы мәселелері қаралды.
Жиында Маңғыстау облысының Қаржы басқармасының басшысы М. Альбекова жергілікті және республикалық бюджет қаражатының ағымдағы орындалысы мен жыл соңына дейін күтілетін көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
2025 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің меншікті кірістері 103,9%-ға, бюджет шығыстары 88,1%-ға орындалды.
Сонымен қатар отырыста облыстық коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар және аудан, қала әкімдіктерінің қарамағындағы ғимараттарды пайдалану бойынша ұсыныстар қаралды.
Кеңесте облыс әкімі Н. Қилыбай басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражытының уақытылы және толық игерілуін, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге, пайдаланылмай тұрған нысандарды сенімгерлікке беру, сату немесе бұзу механизмдері арқылы қарастыруды жүктеді.