Бейнеу ауданының елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысын тексеру үшін жұмыс сапары ұйымдастырылды

Бейнеу ауданының елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысын тексеру үшін жұмыс сапары ұйымдастырылды

Бейнеу және Маңғыстау аудандардың елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексеру үшін Маңғыстау облысы әкімінің Бірінші орынбасары Б. Орынбасаровтің басшылығымен, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Қартбаевпен бірлесіп облыс және аудан әкімдіктері өкілдерінің жұмыс сапары ұйымдастырылды. 2021 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің №21-01-7.17 хаттамасының 1.5.5-тармағына сәйкес 2022 жылдың соңына дейін ауызсуы жоқ 12 ауылды таза сумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.
Қазіргі таңда 12 ауылдың 3 ауылы (Маңғыстау ауданының Бекі, Басқұдық, Қарақия ауданының Аққұдық) ауызсумен қамтамасыз етілді. 9 ауылдың 5 ауылында (Маңғыстау ауданының Тиген, Қияқты, 15 бекет, Боздақ, Тасмұрын) кешенді блок модульдерін орнату жұмыстары жүргізілуде және 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Қалған 4 ауылды (Бейнеу ауданының Сам, Тұрыш, Ноғайты, Түпқараған ауданының Қызылөзен) орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 2 жоба жасақталып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.
Аталған елдімекендерді жылдың соңына дейін пайдалануға беріп, сумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.