Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қызметкерлері тергеу изоляторына барды

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қызметкерлері тергеу изоляторына барды
Бүгін, 2022 жылдың 17 қыркүйек күні, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілері. 
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қызметкерлері тергеу изоляторына барды. Аталған шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың өз жұмыстарын адал атқаруына қол жеткізу үшін жүйелі түрде ұйымдастыруда. Шараға қатысушы мемлекеттік қызметшілер бос камераларды аралап, тәртіптік изолятор мен серуендеу аймағын көріп, қамаудағыладың жай-күйін кешті.
Егер, сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.