Біздің өңірде су тапшылығы әсіресе жаз маусымында қатты білінеді

Біздің өңірде су тапшылығы әсіресе жаз маусымында қатты білінеді

Бәріне белгілі, біздің өңірде су тапшылығы әсіресе жаз маусымында қатты білінеді және тәулігіне 51, 0 мың текше метрді құрайды, өңірдің 2025 кезеңге дейінгі дамуын ескергенде, суға деген қажеттілік 250-206 мың текше метрді, ал тапшылық тәулігіне 100-110 мың текше метрді құрайды деп күтіліп отыр. Жыл сайын жазғы маусымда судың жетіспеушілігінен ауыз су қалаға кесте бойынша шектеліп беріледі (жергілікті әлеуметтік желілерде жарияланады).
Осы мәселені шешу үшін, Мемлекетттік «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттыра отырып кеңейту жобасын іске асыруға республикалық бюджетттен қажетті қаражат бөлінді. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарының тұтынушылары ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, Ақтау қаласының және Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласындағы СЖОТ-4 нысанын қосымша 5 резервуар мен су желілері құрылысын салу арқылы кеңейту жоспарланды.
Осыған байланысты 2022 жылғы 04 қыркүйек күні Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбасаров және Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Қартбаев «Каспий» су тұщыту зауытына және СЖОТ-4 нысанына сапарға шығу жолымен құрылыс-құрастыру жұмыстарының жүрісін бақылады, ауыз су тапшылығын жоюға және ауыз сумен үздіксіз сапалы қамтамасыз етуге арналған су тазарту құрылғысының кері осмос қондырғыларының, СЖОТ-4 нысанындағы қосымша 5 резервуар құрылысының жағдайы тексерілді, сонымен қатар жобаларды жаопарланған мерзімде іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.