"Каспий" және ЦВС-4 тұщыландыру зауытының объектілерін салу.

"Каспий" және ЦВС-4 тұщыландыру зауытының объектілерін салу.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбасаров және Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшы Б. Қартбаев Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының және СЖОТ-4 жаңадан құрылысы салынып жатқан нысандарын аралады.
Жұмыс сапары барысында «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттыру бойынша жобаны іске асырып жатқан инвесторлардың құрылтайшыларымен кездесу өткізілді, келіссөз барысында жобаны уақытылы іске асыру, заманауи технологияларды пайдалану жөнінде келісім жасалды.
Жақын арада СЖОТ-2 және СЖОТ-4 арасындағы су құбырының жарылу салдарынан жоғарғы шағын аудандырдың тұтынушыларына ауыз су жеткізу шектелгендігі белгілі, осыған орай, жоғарыда аталған басшылар жөндеу жұмыстарының нәтижесін бақылап, келешекте апаттық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ болашақта су тапшылығын жою және ауыз сумен тұрақты түрде сапалы қамтамасыз ету үшін СЖОТ-4 нысанындағы жаңадан құрылысы салынып жатқан 5 резервуарды жоспарланған мерзімге сәйкес пайдалануға беру бойынша тапсырмалар берді.