Пара алу фактісі бойынша сот отырысы

Пара алу фактісі бойынша сот отырысы

Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және олардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірге Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының қызметкерлері  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұрынғы қызметкерінің Маңғыстау облысындағы газ желілік ұйымы өкілінен пара алу дерегі бойынша сот отырысына қатысты.

Сот үкімімен пара алушы және пара беруші тұлғалар бас бостандықтарынан айырылды.

Мұндай жат іс-әрекеттердің мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретіндігі, өз қызметтерін асыра пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық жағдайларына жол бермеу қажеттігі туралы қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.