Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексінің 337-бабы. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар ету режимі

Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексінің 337-бабы. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар ету режимі
  1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама беруге міндетті.
  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерден хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін (бұдан әрі – қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі) қалыптастырады және жүргізеді. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда белгіленеді.
  1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті осы баптың 1-тармағына сәйкес хабардар етпей жүзеге асыруға тыйым салынады.