Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беру бойынша жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беру бойынша жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды. ҚР Энергетика министрлігіне газ желісі ұйымдары «SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «ГазЦентр» ЖШС, «АДМ ГАЗ» ЖШС, «АвтогазТрэйд» ЖШС, «АктауОблГаз» ЖШС, «Алау» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС және «LPG Trade» ЖШС 2021 жылғы қараша-желтоқсан айларына СМГ жиынтық өтінімдерін жолдау мәселесі қаралды. Комиссия мүшесі А. Айтжанова белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыспады. 2021 ж. 21 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Ж. Қарағаевтың төрағалығымен Ақтау қаласында өткен жиналыста газ желісі ұйымдарымен келісімге келген болатын. Электронды сауда алаңдары арқылы жеткізуге қажетті СМГ үлесін кезең-кезеңмен арттыру кестесіне сәйкес, а.ж. қараша айында СМГ үлесі 70 % және желтоқсан айында 75 % құрайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, 2021 жылғы қараша айына сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспарына түзету енгізіп және желтоқсан айына СМГ беруге жиындық өтінім ҚР Энергетика министрлігіне жолданатын болды.