Ауыз су бойынша хабарландыру

Ауыз су бойынша хабарландыру

Ауа райы температурасының көтерілуіне байланысты, Ақтау қаласында және оған іргелес Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылдарында тұтынушылардың ауыз суды тұтыну көлемі күрт өсті. Сонымен қатар, теңіз суы температурасының көтерілуі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қажетті деңгейде ауыз суды өндіру процесіне кері әсерін тигізіп отыр. Осыған орай, 4-сумен қамтудың орталық торабына (ЦУВС-4) су қорын жинау үшін Ақтау қаласының жоғары шағынаудандарына уақытша ауыз су сағат 23.00-06.00 және 11.00-18.00 аралығында қысымы төмендетіліп беріледі.
Ауыз су қалыпты жағдайда сағат 06.00-11.00 және 18.00-23.00 аралығында беріледі.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!