Жылыту маусымы бойынша отырыс

Жылыту маусымы бойынша отырыс

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұловтың төрағалық етуімен Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартпаев Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала мен энергетика нысандарының 2021-2022 жылдардағы күзгі-қыстық маусымға дайындығы және Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н. Жаңабаев Тұрғын үй секторында 2021-2022 ж.ж. жылыту маусымы кезеңіне қабыладанатын шаралар және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.