Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

2021 жылдың 2 маусымында Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде ҚР Энергетика министрлігіне газ желісі ұйымдары «SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «ГазЦентр» ЖШС, «АДМ ГАЗ» ЖШС, «АвтогазТрэйд» ЖШС, «АктауОблГаз» ЖШС, «Алау» ЖШС және «АС Газ Логистик» ЖШС 2021 жылғы шілде айына сұйытылған мұнай газына (бұдан әрі - СМГ) жиынтық өтінімдерін жолдау мәселесі қаралды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғ. Ниязов Ақтөбе облысында іс сапарда болуына байланысты комиссия отырысына қатыспады.

Комиссия мүшелері А.Сүгірбай және А. Айтжанова белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыспады.

2021 ж. 21 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Ж. Қарағаевтың төрағалығымен Ақтау қаласында өткен жиналыста газ желісі ұйымдарымен келісімге келген болатын (Хаттама көшірмесі жалғанды).

2022 жылғы қаңтарға электронды сауда алаңдары арқылы жеткізуге қажетті СМГ үлесін кезең-кезеңмен арттыру кесетсіне сәйкес, а.ж. шілде айында СМГ үлесі 50 % құрайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, 2021 жылғы шілде айына СМГ беруге жиындық өтінім ҚР Энергетика министрлігіне жолданатын болды.