Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

2021 жылдың 21 сәуірінде Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде ҚР Энергетика министрлігіне газ желісі ұйымдары «SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «ГазЦентр» ЖШС, «АДМ ГАЗ» ЖШС, «АвтогазТрэйд» ЖШС, «АктауОблГаз» ЖШС, «Алау» ЖШС және «АС Газ Логистик» ЖШС 2021 жылғы мамыр және маусым айларына сұйытылған мұнай газына (бұдан әрі - СМГ) жиынтық өтінімдерін жолдау мәселесі қаралды.

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалуына орай комиссия мүшесіне өзгеріс енгізіліп Б.Қартбаев комиссия төрағасының орынбасары болып қайта құрылды.

2021 ж. 21 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Ж. Қарағаевтың төрағалығымен Ақтау қаласында өткен жиналыста газ желісі ұйымдарымен келісімге келген болатын (Хаттама көшірмесі жалғанды).

2022 жылғы қаңтарға электронды сауда алаңдары арқылы жеткізуге қажетті СМГ үлесін кезең-кезеңмен арттыру кесетсіне сәйкес, а.ж. мамыр айында СМГ үлесі 40 % және маусым айына 45 % құрайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, 2021 жылғы мамыр және маусым айларына СМГ беруге жиындық өтінім ҚР Энергетика министрлігіне жолданатын болды.