Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Ниязовтың және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химиясы департаментінің басшысы З. Қияқбаевтың төрағалылығымен сұйытылған мұнай газ нарығы бойынша жиналыс өтті.

Сонымен қатар, жиналысқа қала және аудан әкімдіктері, Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімді қалыптастыру жөнінде комиссия мүшелері, "IT TECH PARK" ЖШС (Алан Трэйд сауда алаңы), "Сұйытылған мұнай газ сақтау паркі" ЖШС, "TanaGasCom" ЖШС, "АвтогазТрэйд" ЖШС, "АДМ ГАЗ" ЖШС, "SK LTD KZ" ЖШС газ желісі ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облысындағы филиалы, "АссоциацияОзенавтогаз" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің, "АссоциацияМунайлыавтогаз" жеке кәсіпкер бірлесігінің және бөлшек сауда сатушылары Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңына және Энергетика министрлігімен бекітілген СМГ бөлу қағидаларына өзгеріс енгізу туралы талаптарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсынды.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігімен, сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңдары арқылы 100%-ға толық өтуі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланғаны айтылды.