МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров айтты. Спикердің сөзінше барлық нысандар жылуға қосылған. Оның ішінде: білім беру – 453 бірлік, денсаулық сақтау – 104 бірлік,көп қабатты тұрғын-үйлер – 1705 бірлік, жылу қазандықтары – 390 бірлік; «Энергия беруші және энергия таратушы кәсіпорындар үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Сонымен қатар елді-мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша құны 3,2 млрд теңгені құрайтын 3 жобаның құрылысы басталды. Олар Түпқараған ауданының Форт Шевченко қаласы, Жаңа Кетік ауданы, Ақшұқыр ауылы, Бегей тұрғын үй массиві және Ақтау қаласының 16-35 шағын аудандарын газдандыру жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні Ақшұқыр ауылы Бегей тұрғын массивінің құрылыс жұмыстары аяқталды», - деді Нұрлан Орынбасаров. 

Ақтау қаласы бойынша «Каспий жылу су арнасы» мекемесі МАЭК «КАЗАТОМ» өнеркәсібі шығарған өнімдерін тасымалдаумен айналысады. Су, жылу, кәріз жүйелері қалаға толық берілген. Бүгінгі күні МАЭК «КАЗАТОМ» өнеркәсібі суды 95% градуспен қалаға жеткізіп отыр.

«Тұрғындар тарапынан күн сайын бірнеше сұрақ түсіп жатыр. Басым бөлігінің айтатын уәжі бір бөлме салқын, бір бөлме жылы. Қаланың қызмет көрсетіп отырған мекемелерін шақырсақ,келмейді деген шағым айтады. Жалпы жертөлеге дейін 100 пайыз жылу беріліп тұр. Оны қалпына келтіріп, уақытылы жеткізу тұрғын-үйге қызмет көрсетуші мекеменің міндеті. Яғни, олар реттеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбегендіктен осындай жағдай туындап отыр. 5-шағын аудандағы «Шанс», 6-шағын аудан «Арман», 1-шағын аудан «Альтернатива», 7-шағын аудан «Галия» мекемесі көрсетілген нұсқауларды уақытында орындап, реттеп қалпына келтіріп жатыр. Керісінше ескертпелерге құлақ аспай отырған мекемелер де жоқ емес. Жұмыстар жүйелі жүргізілмегендіктен, қаладағы барлық желілерге әсер етуде», - деді «Каспий жылу су арнасы» мекемесінің бас инженері Асқар Дүзмағанбетов.

Айта кетейік, Ақтауда 70-тен астам тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме бар. Ал «МАЭК» қала тұрғындарын жылумен қамту үшін, 12,3 қысым атмосфераны ұстау арқылы қаланың жылу желілерінде сағатына 8,5 мыңдай ыстық суды айналдырып отыр. Ыстық су жертөлеге дейін 93-95 градуспен барып тұр.