ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 41 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 41 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Бейнеу ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 544 азамат тұр. Оның ішінде жетім балалар-19, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 307, көп балалы отбасы – 121, мемлекеттік.

«2020 жылдың 9 айында өз еркімен кері тапсырған 41 пәтердің, 18 пәтеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тұрған 41 отбасыға кезек ретін сақтай отырып қайта берілді.  «Апатты жағдайда» деп танылған тұрғын үйлер жоқ», деді Бейнеубек Әбілов.

Ауданда «Бақытты отбасы» бағдарламасының негізгі конкурсы наурыз айында басталған. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бағдарламаның негізгі бағыттары мен баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі кеңінен түсіндірілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша аудандағы 26 жанұяға жолдама берілді. Оның ішінде 10 отбасыға келісім беріліп, 16 отбасының құжаты кері қайтарылды. Бұдан бөлек тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан 9 отбасыға баспана сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттары берілді.