ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛЫП ҚАЛМАҢЫЗДАР!

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛЫП ҚАЛМАҢЫЗДАР!

Ақтауда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан тұлғалардың (жеке немесе заңды), үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат құжаты жоқ.

Яғни, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес, үлескерлердің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдіруші тұлғалар жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдемеген.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Полиция департаменті «Гаухартас» тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (ірі көлемде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Күдікті ретінде «Тастемир ЛТД» ЖШС басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала аумағында жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерге қатысты қандайда бір нақты ақпарат қажет болған жағдайда, «Ақту қалалық сәулет және қала құрылысы» ММ 218 бөлмесіне келіп хабарласыңыз немесе сұрағыңызды +7 702 842 45 29 whatsapp нөмеріне жолдаңыз

ЕСКЕРТУ!

Пәтер сатып аларда күмәнді үлестік құрылысқа қаржы салмауға және құрылыс компаниясының құжаттарымен мұқият танысып шығуға кеңес береміз.

ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАМЫН ДЕП АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!