Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен 2024 жылғы 6 мамырда Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Нұрбол Телегенов Елшіліктің Бірінші хатшысы Фирма Агустина ханыммен кездесті.
Аталған кездесуге Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов, Маңғыстау облысы бойынша көші-қон қызметі департаментінің аға инспекторы полиция подполковнигі Асылбек Оразғалиев, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі Әділет Әбішев, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Раушан Қалиева, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұжымдық еңбек қатынастарын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Жанерке Хаятуллаева қатысты.
Кездесу барысында тараптар шетелдік жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарының тәртібі, шетелдік жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, шетелдік жұмыс күшін тарту сұрақтары бойынша екіжақты пікір алмасып, ақпараттармен бөлісті.