2024 жылғы 29 сәуірде Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараға Маңғыстау облысындағы өндірістік компания өкілдері мен еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтті. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды арттыруға, белсенді үлес қосқан қызметкерлер қатысып, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, өңіріміздегі өндіріс барысындағы жазатайым оқиғалар бойынша ақпарат берілді: Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылы өндірісте 45 адам зардап шекті, оның ішінде 11 адам қайтыс болды. 2024 жылдың 1 тоқсанында өндірісте 13 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қайтыс болды. 2023 жылдың (7 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды) ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2024 жылы зардап шеккен адам саны 6 адамға, тиісінше 86 пайызға көбейді.