Республикамыздағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 12-ші «СЕНІМ» байқауы өткізіледі.

Республикамыздағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 12-ші «СЕНІМ» байқауы өткізіледі.

 «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен бірлесіп, 2024 жылғы 30-31 мамырда Алматы қаласында республикамыздағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 12-ші «СЕНІМ» байқауы өткізіледі.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі»;
  2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер»;
  3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор».

Осыған орай,  Қазақстандағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өткізілетін «Сенім» байқауына  қатысуға шақырамыз.

Байқау материалдары мен қатысуға сауалнама-өтінімді мына мекенжайға жолдау: 2024 жылғы 30 сәуірге дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына e-mail: m.sansyzbaev@mangystau.gov.kz, a.tanirbergenova@mangystau.gov.kz;

050009, Алматы қ-сы., Шевченко және Радостовца көшелерінің қиылысы, 165б/72г, 712-кеңсе, «Еңбекті қорғау, кадрлар және іс-қағаздар жүргізу» тақырыптық бағыттары, тел. +7 (727) 323-62-29, факс. +7 (727) 323-62-12, e-mail: otk@mcfr.kz, head.kadry@mcfr.kz жолдауларыңыз қажет.