Маңғыстау ауданының жұмыс берушілерімен кездесу

Маңғыстау ауданының жұмыс берушілерімен кездесу

10.06.2020 жылы Маңғыстау ауданы әкімдігінің залында Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары Р. Қазиевтың және Б. Кемаловтың қатысуымен жұмыс берушілермен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері бойынша түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу міндеті түсіндіріліп, жұмыскерлердің еңбек шарттарын электронды түрде базаға енгізу тәртібіне түсініктеме берілді.