ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгертулердің негізгі ережелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді

ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгертулердің негізгі ережелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді

2020 жылғы 4 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18 мамырында Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұжымы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне енгізілген өзгертулердің негізгі ережелеріне шолу жасап, талқылады.

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын осы жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін әлеуметтік серіктестермен бірге өңіріміздегі жұмыс берушілердің қатысуымен жүргізу жоспарлануда.