Маңғыстау облысынан «Парыз» және «Алтын сапа» Республикалық конкурсының отырысы

Маңғыстау облысынан «Парыз» және «Алтын сапа» Республикалық конкурсының отырысы

2021 жылғы 7 желтоқсан, сейсенбі күні Нұр-сұлтан қаласында «Алтын сапа» сыйлығының және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Парламентінің депутаттары, Республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

«Алтын сапа» - Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы, сапа саласындағы жетістіктері үшін Ұлттық марапат. Мемлекет басшысы тапсырады және оның жеке қамқорлығымен әрекет етеді. Жыл сайын конкурстық негізде ұйымның өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін беріледі.

Бұл сыйлық өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуді

Мемлекет басшысы бейнеконференция байланысы режимінде «Биылғы салтанатты рәсім біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор, осы кезеңде Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған» деп атап өтті.

Сондай-ақ, сөз сөйлеуде елімізде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және заманауи сапа жүйесін енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Байқау 4 номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін», олар бойынша «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталады.

Ағымдағы жылы алғаш рет 2020 жылы құрылған «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығының иегерлеріне марапаттар табысталады.

Ағымдағы жылы конкурсқа қатысуға 440 ұйым өтінім берді, оның ішінде 169 ірі кәсіпкерлік субъектісі, 271 – орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялары бойынша – 230 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша – 73 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациялары бойынша – 65 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша – 52 өтінім, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы – 20 өтінім.

Конкурстың қорытындысы бойынша құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес және кәсіптік одақтардың өкілдері кірген республикалық комиссиямен 28 жеңімпаз анықталды: 2 Гран-при иегері, 24 – лауреат атағы және 2 «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығының иегері.

Облыс деңгейінде өткен іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында өткен комиссия мүшелері: 1) «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары - Нұралы Сабенұлы Баулыбаев; 2) Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры – Рашит Тұранұлы Мұстапаев; 3) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басқармасының басшысы - Шынғыс Бақытжанұлы Дүйсенов қатысты; 4) «Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы - Ермекбайұлы Шадрах; 5) «ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысы – Тукенов Руслан Кәрімұлы.

Отырыс бейнеконференцбайланыс арқылы өтті, онда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсына Маңғыстау облысы бойынша 11 кәсіпорын қатысты.

«Парыз» конкурсы 5 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - 4 кәсіпорын («ҚазТрансОйл» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» ЖШС, «Узенпромгеофизика» АҚ, «Mangystau Service Company» ЖШС);
  2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - 3 кәсіпорын («Узенпромгеофизика» АҚ, «КазАзот» ЖШС, «МунайфилдСервис» ЖШС);
  3. «Үздік ұжымдық шарт» - 1 кәсіпорын («ҚазТрансОйл» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» ЖШС);
  4. «Экологияға қосқан үлесі үшін» - 2 кәсіпорын («ҚазТрансОйл» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС; «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» ЖШС, «Техникалық ынтымақтастық корпорациясы» ЖШС, «ESCAD» ЖШС);
  5. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» - 1 кәсіпорын («Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ» компаниясының филиалы)

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына үміткерлердің өтінімдерін сараптамалық жұмыс тобының қорытындысы бойынша, яғни бекітілген критерийлерге сәйкес, «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» компаниясының филиалы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша лауреат атағына ие болып 1 орын алды.

«Тұңғыш Президент бастамасындағы байқауға қатысу-бұл өте үлкен құрмет, бизнес өкілдері ел экономикасына үлкен үлес қосуда, сондай - ақ ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда», - деді облыс әкімі.