🔹Маңғыстау облысы Ақтау қаласында «Еңбек – елдің тірегі» атты салтанатты шара өтті

🔹Маңғыстау облысы Ақтау қаласында «Еңбек – елдің тірегі» атты салтанатты шара өтті

ЕҢБЕК – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Маңғыстау облысында Еңбек күніне орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен «Еңбек – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушысы Бауыржан Билалович Кемалов және Департамент ұжымы қатысты.

Іс-шара барысында еңбек адамын құрметтеу, еңбектің қоғам дамуындағы маңызы және еңбек мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен насихатталды.

Еңбек – ел дамуының берік негізі, ал еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші.