🔹МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

🔹МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №1117 қаулысымен бекітілген 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде түсіндіру семинары өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Зиноллин Ақылбек Алтынбекұлы қатысып, департамент ұжымына есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, синтетикалық есірткілердің зияны, оларды заңсыз сақтау мен таратқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында жан-жақты ақпарат берді.

Семинар барысында қатысушыларға есірткінің адам денсаулығына, қоғамға және отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар берілді.

Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.