
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жұмағұловтың қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың негізгі жаңашылдықтарын түсіндіруге арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі бағыттары мен өзгерістері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және мансаптық ілгерілету тетіктері, қызмет нәтижелерін бағалау жүйесі, еңбек қатынастарын жетілдіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған жаңа нормалар туралы айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, меритократия қағидаттарын нығайту, азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Т.Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілерді заң талаптарын қатаң сақтауға, Әдеп кодексінің нормаларын басшылыққа алуға, халықпен қарым-қатынаста жоғары мәдениет пен жауапкершілік танытуға шақырып, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.