
📌 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың төрағалығымен 2026 жылы 15 маусымда өткен аппараттық кеңесте берілген хаттамалық тапсырманың 5.2 тармағын орындау мақсатында:
🚓 Кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алу және оларды қорғауды қамтамасыз ету үшін прокурор, ішкі істер органдары қызметкерлері және мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен бірлескен профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) ұйымдастырылды.
🔷 Аталған іс-шара аясында Департаменттің «Жаңаөзен қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің» басшысы Жадигеров Сұлтанбек Маршалбекұлы, «Жаңаөзен қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің» бас маманы Айтбай Абзал Бауыржанұлы, Жаңаөзен қаласы прокуратурасының прокуроры Савтаева Алина Туекеновна, Жаңаөзен қаласы ПБ ҚҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Нысанов Диас Динмуханбетұлы Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында, көлік жуу және т.б. жерлерде бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізді.
🔷 Кәмелетке толмаған азаматтардың еңбек құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.