
📌Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаевтың төрағалығымен 2026 жылғы 15 маусымда өткен аппараттық кеңесте берілген хаттамалық тапсырманың 5.2-тармағын орындау мақсатында кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу және оларды қорғауды қамтамасыз ету бағытында бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
🔹Аталған іс-шараларға прокуратура органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының қызметкерлері және мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысты.
🚓Рейдтік іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік еңбек инспекторлары және Ақтау қаласы полиция басқармасының аға лейтенантымен бірлесіп Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында, көлік жуу орындарында және кәмелетке толмағандардың еңбегі пайдаланылуы ықтимал өзге де нысандарда профилактикалық рейдтер жүргізді.
🔹Рейд барысында еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері түсіндіріліп, жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдану кезінде заңнамада белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Аталған іс-шаралар кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және еңбек заңнамасының сақталуын күшейтуге бағытталған.