
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде ұжымдық жиналыс өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетімен Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша баяндама жасап, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді.
Жиналыс қорытындысында Департамент басшысы Ж.У. Аймаганбетов қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, сондай-ақ заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.