Маңғыстау облысы бойынша департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

Маңғыстау облысы бойынша департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жанабай Усембаевич Аймаганбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің барлық қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында департамент басшысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы М. Ахметовтің төрағалығымен 2026 жылғы 12 маусымда өткен мәжілісте берілген тапсырмаларға тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде және жұмыстан тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік қағидаттарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу мәселелері де талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша департамент басшысы мемлекеттік еңбек инспекторларына азаматтарды қабылдау кезінде қарапайымдылық, әділдік және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуді тапсырды.