Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұжымымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө. Алшынбаеваның, сонымен қатар мамандар М. Сулейменованың, К. Кубатайдың және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті маманы А. Жумалының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын қатаң сақтау, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сөз алған спикерлер мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде де, әріптестерімен жұмыс барысында да сыпайылық, адалдық және ашықтық принциптерін басшылыққа алуы тиіс екенін атап өтті.

Шара соңында Департамент қызметкерлеріне Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау және Маңғыстау өңіріндегі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.