Еңбекті қорғау мәселелері және бірыңғай үлгілік еңбек шарттары бойынша бейнетүсіндірмелер жарияланды

Еңбекті қорғау мәселелері және бірыңғай үлгілік еңбек шарттары бойынша бейнетүсіндірмелер жарияланды

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Аймаганбетов Жанабай Үсембайұлы әлеуметтік желілердегі Instagram және Facebook парақшаларында екі бейнетүсіндірме жариялады.

Бірінші бейнетүсіндірмеде «Еңбекті қорғау мәселелері бойынша сұрақ-жауап» тақырыбы аясында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

Екінші бейнетүсіндірмеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бірыңғай үлгілік еңбек шарттарының негізгі ережелері мен оларды қолдану тәртібі түсіндірілді.

Бейнетүсіндірмелер еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіруге және жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.

Бейнетүсіндірмелерді төмендегі ресми әлеуметтік желі парақшаларынан көруге болады:

«Еңбекті қорғау мәселелері бойынша сұрақ-жауап»

📌 Instagram: https://www.instagram.com/reel/DZKz5mthuz_/?igsh=MXdoaXpubXJvaWlyNw==  

📌 Facebook: https://www.facebook.com/share/v/1GSnNArn2h/

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бірыңғай үлгілік еңбек шарттарының негізгі ережелері мен оларды қолдану тәртібі»

📌 Instagram: https://www.instagram.com/reel/DZKjUFChH6W/?igsh=YmE2MnI2bHdxYTVo 

📌 Facebook: https://www.facebook.com/share/v/1FmD6tyFon/