ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ: НЕГІЗГІ 5 ЕРЕЖЕ

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ: НЕГІЗГІ 5 ЕРЕЖЕ

Құрметті еңбеккерлер мен жұмыс берушілер!

Жазғы маусымның басталуына байланысты еңбек демалысына қатысты сұрақтар жиі туындауда. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптарды сақтау — еңбек қатынастарының екі тарапы үшін де маңызды.

📌 Есіңізде болсын: еңбек демалысы — қызметкердің денсаулығын қалпына келтіруге, еңбекке қабілеттілігін сақтауға және сапалы демалуына арналған заңмен кепілдендірілген құқық.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес:
• қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі;
• демалыс кестесі алдын ала бекітіледі;
• еңбек демалысы кезеңінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады;
• демалыс беру тәртібі еңбек шарты мен ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Заң талаптарын сақтау — еңбек дауларының алдын алып, жұмыс орнындағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтудың маңызды кепілі.

Еңбек құқықтарын құрметтейік және заң талаптарын бірге сақтайық!