№34 мектепте еңбек заңнамасына қатысты түсіндіру және тексеру жұмыстары өтті

№34 мектепте еңбек заңнамасына қатысты түсіндіру және тексеру жұмыстары өтті

2026 жылғы 6 мамырда «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №34 жалпы білім беретін мектеп» КММ жұмыскерінің жолданымы негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Заузанбай мен А. Койсариев тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жолданымға сәйкес еңбек заңнамасының, оның ішінде жалақы төлеу мәселелерінің сақталуына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті тергеп-тексеру шаралары қабылданды.